Сирияның соғыс аймағынан грозныйға жеткізілген отандастарымыз елге оралды

22.11.2017 22:07

Сирияның соғыс аймағынан грозныйға жеткізілген қазақстандық отбасы елге оралды. Сыртқы істер министрлігінің ақпарынша 4 балалы ана тұрғылықты жері Орал қаласына қайтып келді. Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин құзырлы органдар сириядан оралғандарға қатысты тексеру амалдарын жүргізетінін айтқан болатын.

«Орал қаласының тұрғыны мен 4 баласы Қазақстан елшілерінің көмегімен өткен аптада Сириядан елге жеткізілді. Бұл әзірге мендегі бар ақпар. Ал, оның әрі қарай Қазақстандағы жағдайымен біз айналыспаймыз.Біздің мақсатымыз қауіпті аймақтан құтқарылған  әйел мен 4 баланы елге әкелу болатын. Оны орындадық»,-деді ҚР СІМ ресми өкілі, Әнуар ЖАЙНАҚОВ.

Естеріңізге сала кетейік, 13-қарашада Сирияның қауіпті аймақтарынан арнайы рейспен қырыққа жуық азамат шығарылды. Шешенстан астанасына 12 әйел, кәмелетке толмаған 29 бүлдіршін жеткізілді. Олардың арасында Қазақстанның 5 азаматы да бар.