«СК-Фармация» басшысы 1,8 млрд теңгені жымқырған

«СК-Фармация» басшысы 1,8 млрд теңгені жымқырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ал атышулы «СК-Фармация» компаниясының басқарма төрағасы Максим Касаткиннің аса ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінгені мәлім болды. Ол «ҚазСибФармацея» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тендерді жеңуіне ықпалдасқан әрі мемлекеттің 1 миллиард 800 миллион теңгесін жымқырған-мыс. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта тағылған айыптар бойынша жіті тергеу амалдары жүріп жатыр.  Еске салайық, максим касаткиннің ұсталғаны 7-ші қазанда белгілі болған еді. Ал кеше оның сот санкциясымен 2 айға дейін қамауда отыратыны жайлы ақпарат тарады. Бұлтартпау шарасын Астана қаласының алматы аудандық соты қабылдады. Дегенмен, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі бүгін ресми мәлімдеме жасады. Министр елжан Біртановтың айтуы бойынша, соттың шешімін күтіп әліптің артын бағу керек.

¤«Бізге әзірге тағылған айыптар түсініксіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 2015 жылға арналған дәрілердің сатып алуына байланысты. Соттың шешімінен кейін барлығы белгілі болады деген ойдамын», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.


Новости партнеров