«СК-Фармация»: алматылық емханаларда тегін дәрілер жетпейді

«СК-Фармация»: алматылық емханаларда тегін дәрілер жетпейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы емханаларындағы тегін дәрілерді СК-Фармация басшысы арнайы келіп тексерді. Препараттардың тапшылығы қаражаттың жеткіліксіздігінен, дәрілерді дұрыс жоспарламаудан және жаңадан анықталған науқастарға тікелей байланысты, -дейді Берік Шәріп. Өйткені Алматының өзінде аса күтімді қажет ететін мың науқас тіркелген екен. Маусым айында емдеу мекемелеріне дәрілердің 92 пайызы жеткізілгенімен, В гепатиті, қант диабеті, гемофилия және туберкулез дертіне шалдыққандарға қажетті препараттар әлі де тапшы болып отыр.

«Амбулаторлық деңгейде дәрілерді сатып алуда 23 миллиард теңге қаражатты үнемдедік. Енді бұл сома тапшы дәрі-дәрмекке жұмсалады. Бұл ретте дерті енді анықталған науқастарды ескеріп, медициналық мекемелермен қосымша келісім-шарт жасап жатырмыз. Мысалы инсулиннің 48 түрін сатып алатын болсақ, оның кейбіріне толық тапсырыс берілмеген. Оның үстіне, екпені қажет ететін науқастар саны көбеюде. Алматы қаласының өзінде, қателеспесем, мың науқаста осы ауру түрі анықталған»,-деді «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік ШӘРІП.

Жақын арада дәрілер дербес түрде таратылатын болады. Енді науқастар емханаларға жеткізілетін препараттардың қашан түсетінін біліп отыру үшін арнайы бағдарлама жасалуда. Егер науқас басқа емханаға ауысса, қажетті дәрілер де тіркелген медициналық мекемеге жөнелтіліп отырады.


Новости партнеров