Алматының Орталық демалыс саябағы адам танымастай өзгереді. Бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында демалыс паркіндегі жөндеу жұмыстарын тексерді.
Басқарушы компания қайта жасауға жеке инвестициядан 1 жарым млрд теңгеден астам қаражат бөлген. Кешенді жоспар бойынша қазір онда субұрқақтар, балалар мен спорт алаңдары салынуда. Сондай-ақ, саябақта жаңадан 182 жарық діңгегі орнатылды. Тротуарларға кеспе тастар төселіп, жасыл аймақ барынша кеңейтілген.
Саябақ орталығында бұрын автокөлік тұрағы болса, енді онда скейтодром, стрит-воркаут, теннис корты, баскетбол алаңдары жұмыс жасауда. Айта кетейік, негізгі жұмыстар биылғы жылдың қазан айына дейін аяқталады. Бұлардан өзге, жаңа және заманауи аттракциондар сатып алынады.