Универсиада жүлдегерлері қанша ақша алады?

10.02.2017 15:31

Универсиадада топ жарған спортышларға 458 миллион теңге сыйақы беріледі. Қомақты қаражат жеңімпаздарды жаттықтырған бапкерлерге де бөлінбек. Бұл жөнінде спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Ведомство басшысы байрақты бәсекеде алтын алғандарға 4 млн 900 мың теңге, екінші орынды еншілегендерге 3 млн 300 мың теңге, ал қоланы місе тұтқандарға 1 млн 600 мың теңгеден берілетінін айтты. Осы ретте, қысқы жарыста ең көп сыйақыны қанжығасына байлаған қазақстандық спортшылардың тізімі белгілі болды. (ГРАФИКА-1) Көшті Галина Вишневская бастап тұр. Ол биылғы Универсиадада 2 алтын және 2 күміс медальді ұтып алған. Чемпионға берілетін қаражат көлемі 16 миллионнан асады. (ГРАФИКА-2) Тізімнің екінші сатысына Анна Шевченко жайғасыпты. Оған ұзын-ырғасы 5 медальды жеңіп алғаны үшін 13 млн теңге беріледі. (ГРАФИКА-3) Ал, Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева 9 млн 800 мың теңгеден алады. (ГРАФИКА-4) Атлеттерге берілетін қаржылай сыйақы республикалық бюджеттен бөлінбек.