|
13.08.2018 | 15:11
2549

Қазақстанда аты-жөндері бірдей қанша адам тұрады?

Қазақстанда аты-жөндері бірдей қанша адам тұрады?

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті елімізде аты, тегі және әкесінің аты бірдей қанша адамның тұратынын есептеп шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың  1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында аты, тегі және әкесінің аты толықтай сәйкес келетін 520 159 адам тұрады, олардың саны 1 534 815 резидентті құрайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Біріншісі аты, тегі және әкесінің аты сай келетіндердің жалпы санын, ал екіншісі сондай адамдардың санын білдіреді.

Сонымен қатар, Комитет тегі мен аты бірдей адамдардың санын да жариялады. Олардың саны елімізде 9 миллионнан асып жығылады. Бұл ретте аталған ведомство олардың кейбірінің әкелерінің аты жазылмағанын атап өткен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир