"Экспресс-К" газетінің бас редакторы Тимур Неталиев өмірден озды

05.05.2018 00:01

"Экспресс-К" газетінің бас редакторы Тимур Неталиев бүгін ауруханада көз жұмды. Мұны Sputnik Қазақстанға берген мәліметінде басылым қызметкерлері растады.

"Бұл рас. Бір апта ауырып жатты. Жұмысқа келмей жүрді, бүгін ауруханада қайтыс болғанын естідік. Нақты не болғанын білмейміз. Оған дейін үйінде де ауырған. Жай суық тиіп қалған ғой деп ойлағанбыз. Бәлкім, өзі де білмей, бір дертке шалдыққан болар", — деді аты-жөнін жарияламауды сұраған газет редакциясының қызметкері.

«Алматы» телеарнасының қызметкерлері Тимур Неталиевтің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.