Алматы университеттері студенттерге қоғамға қызмет етуді үйретеді

Алматы университеттері студенттерге қоғамға қызмет етуді үйретеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жоғары оқу орындары студенттерге қоғамға қызмет етуді оқыту үшін арнайы курс ашпақ. Мұндай бастаманы «U38» университеттер альянсы ұсынып отыр. Аталған жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылмақ.

Атап өтерлігі, Almaty Management University-де тіпті, арнайы пән де енгізілген. Яғни, студенттер қоғамның әлеуметтік мәселелерін көріп, шешу жолдарын үйренеді әрі әлеуметтік мекемелерде іс-тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де осындай тәжірибені енгізген.  

«Қоғамға қызмет ету деген идея әрине, волонтерлық іс. Ол барлық универсиететте бар дәстүр. Себебі, еріктілер әлеуметтік істерде қол ұшын созып, балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне барып қызмет көрсетеді. Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде әлеуметтік жұмыс деген мамандық бар. Әлеуметтік педагог, психолог деген жұмыстар бар», – дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің деканы Әлия МАСАЛИМОВА.


Новости партнеров