|
17.07.2018 | 11:36
1960

Халықаралық сәулетшілер конгресі: Астана Еуропа қалаларындай дамиды

Халықаралық сәулетшілер конгресі: Астана Еуропа қалаларындай дамиды

Әлемдік сәулетшілерге Астананың болашақ кейпі таныстырылды. Жиырмаға толған елордада Халықаралық сәулетшілер конгресі басталды.

Үш күнге созылатын шараға сәулетшілер мен тың технологиялар авторлары қатысуда.

Жиынның алғашқы күні келушілерге бас қаланың «Ақылды ауданы» таныстырылды. Онға жуық компания заманауи құрал-жабдықтарын көрмеге шығарды.

Естеріңізде болса, «Astana Innovations» компаниясы қаланың жаңа «Байқоңыр» ауданында «Смарт сити» жобасын қолға алғаны мәлім. «Ақылды қалашықта» коммуналдық проблемаларды шешіп, теңдесі жоқ жасыл технологияларды енгізбек. 

«Елбасы өз Жолдауында Астана үлгісінде «Smart city» эталонын қалыптастыру міндетін қойды. Өз мерзімінде қойылған міндет жаңа технологиялардың жылдам енуіне әсер етті. Дамып жатқан ел үшін, қоғам үшін бұл бүгінде ең басты міндет болып отыр. Инновацияны тұрғын үй шаруашылығы мен қауіпсіздіктен бастап, әлеуметтік блокқа дейінгі әртүрлі салаларда енгізуде үлкен тәжірибеміз бар. Ал бүгін ақылды қала жүйесін құру туралы сөз қозғап отырмыз», – деді «Astana Іnnovations» ао басқарма төрағасы Олжас САРТАЕВ.

Технологияларын көрмеге қойғандар да Астананы Еуропа қалаларындай дамытуға қалай көмектесетін айтып берді. Мына мамандар Финляндиядан өзгеше жылу есептегіш жабдық әкелген. Бүгінде ол жабдықтарды Астанадағы Бараев көшесіндегі бірнеше үйдің тұрғындары қолданып та отыр. 

«Біз ұсынған тауар – жылу есептегіш құралы. Оны орнатқан үй иелері бұрынғыдай есеп көрсеткішін жазып жүрмейді. Тұтынушының қанша жылу қолданғаны, қарызы  туралы дерек арнайы серверге түседі. Тұрғын үйден шықпастан, маман тұрғынға келместен, барлық қызмет қашықтан орындалады», – дейді шетелдік серіктес Ари-Пекка КАРППО.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир