Сочиде Димаш Құдайбергеннің бейнесімен баннер ілінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сочиде «Жаңа толқын» конкурсы аясындағы «А-Студио» тобының концертінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Димаш Құдайберген Сочиге келгенге дейін оның суреті бар баннер ілінген.
«Димаш Сочиде барлығына қарап тұр. Біз мұны жасадық. Барлық фанклуб пен жанкүйеріне рақмет! Олардың арқасында 1 LED экран, 6 билборд және 3 афишаның пиллары орнатылды», – деп жазды Димаш Құдайбергеннің Еуразиялық фанклубының парақшасында Ирина Ким.
Билбордтар 31 тамыздан 5 қыркүйекке дейін тұрады. Ал «Жаңа толқын» фестивалі 4-9 қыркүйек аралығында өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33