Сот Бигелді Ғабдуллинге бостандық беруден бас тартты

12.01.2017 16:36
Сот Бигелді Ғабдуллинге бостандық беруден бас тартты. Бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталған "CentralAsiaMonitor" порталының бас редакторы әрі "Radiotochka.kz" интернет-порталының директоры Бигелді Ғабдуллиннің қорғаушысы өткен алдын-ала тыңдалым кезінде айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған еді. Қорғаушының айтуынша, Бигелді Ғабдуллин тергеу кезінде өз кінасын толық мойындап, зардап шеккен тарапқа 20 миллион теңге көлемінде шығынын өтеген. Ал прокурор болса, Ғабдуллинді қылмыстық қудалаудан босатуға наразылық танытты. Ендігі басты сот отырысы 17 қаңтарда өтеді.