Тәуелсіздік күніне орай «Бірлік» алтын медалімен және арнайы мерейтойлық медальдармен «Алматы» телеарнасының қызметкерлері де марапатталды. Қазақстандағы тұрақтылық пен бірліктің нығаюына қосқан үлесі үшін тағайындалатын «Бірлік» белгісі әріптесіміз Дана Бақтығалиеваға бұйырды. Мол тәжірибесі бар журналист егемендік, конфессияаралық келісім мен ел дамуы тақырыбында біршама материалдар жасаған.
«Әлбетте, бұл мен үшін үлкен мәртебе. Осындай жоғары марапатқа ие болу. Біздің ұлы мерекеміз, азат елі атанғанымызға міне, 25 жыл толып отыр. Бұл көп те емес, аз да емес. Қазақтың жыл санауын сәйкестендіріп келтіретін болсақ, бұл албырт шақ. Алда отыздан асар асуымыз бар деп сенейік», - деді «Алматы» телеарнасы анонс және арнайы жобалар бөлімінің жетекшісі Дана БАҚТЫҒАЛИЕВА.
Қазақ географиялық қоғамы да бірқатар қызықты әрі маңызды жаңалықтар жасады. Қоғам басшысы да ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы марапатқа ие болып, Қазақстандық экспедицияның егемендік алғалы жасаған жұмыстарынан сыр шертті.