Жұмыс уақытында ішімдік ішкен екі дәрігер жұмыстан қуылды

25.10.2017 21:52

Астаналық тұрғын жедел-жәрдем қызметкерлерінің жұмысына наразылық танытты. 23 қазан күні бала денсаулығы нашарлағандықтан, ақ халаттыларды шақыртқан. Бірақ, олар дер кезінде келмеген. Бір сағаттан астам күткен азамат оларды келген бетте бейнетаспаға түсіреді. Нәтижесінде дәрігердің мас күйде екенін анықтайды. Бұны бейне жазбадан байқауға болады. Баласын мұндай күйдегі қызметкерлерге тапсырудан бас тартқан қала тұрғыны, медиктерді сұрақ астына алған. 

«Біз бұл жағдайды таңертең естідік. Олар тәулік бойы жұмыс істеп келіп, орындарын ауыстырған болатын. Жедел-жәрдем орталығының бас дәрігері іс-әрекеттеріне күдіктенеді. Осыған орай, жол патруль полициясын шақырады. Кейіннен оларды тексеру үшін наркологиялық орталыққа жібердік. Нәтижесінде жеңіл түрде ішімдік қолданғаны анықталады. Біз екі қызметкерді еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстарынан босаттық», - деді Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тимур МҰРАТОВ.