Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мамандары марапатталды. Олардың қоғамдық тәртіпті тыңғылықты қадағалағаны үшін еңбектері еленді. Оған қоса, аса маңызды мемлекеттік-стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында қырағылық танытқандары назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, құрметті демалысқа шыққан 13 қызметкерге төс белгі тағылды.
«Мінсіз қызмет атқарған 104 қызметкер төс белгісімен ҚР 25 жыл полиция күніне орай, 40 қызметкерге алғыс жарияланды және де ақшалай сыйлықпен марапатталды. Әрдайым біздің қызметкерлер қылмысты ашу мен әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтатуда өзінің үлестерін қосады», - деді Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары Аспандияр АХМЕТҚАЛИЕВ.