Тауда жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

03.07.2018 17:23

Қимасар шатқалында адасып қалған екі жасөспірім дін аман табылды. 17 жасар жігіт пен 16 жасар бойжеткен күндіз серуендеп жүріп, кеш қарайғанда кері жолды таба алмаған. Балалар діттеген жерге жетпей, адасып қалды деген күдікпен жігіттің анасы құтқару қызметінен көмек сұраған болатын.

«Шұғыл іздестру шарасына 5 құтқарушы мен бір техника жұмылдырылды. Қоңырау 22-50-де келіп түскен. Экипаж оқиға орына дереу жеткен болатын. Түнгі сағат 3-те жеткіншектер таудан табылып, дін аман ата-аналарына табысталды. Ешқайсысы медициналық көмекке зәру болмады»,-деді Алматы қаласы құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Гаухар НӨКЕРБЕКОВА.