|
08.11.2017 | 17:50
2101

РБК банкін "құтқару" үшін «Қазақмыс» корпорациясы қомақты қаржы бөлмек

 РБК банкін "құтқару" үшін «Қазақмыс» корпорациясы қомақты қаржы бөлмек

Қоғамды дүрліктірген РБК банкіне қатысты дерек жақында құзырлы органдардың бақылауына жіберіледі. Олар өз тарапынан жағдайдың мән-жайын толыққанды анықтайды. Үкімет қабырғасында өткен отырыста, банкке дем беретін инвестор табылды. Ұлттық банк басшысының сөзіне сенсек, РБК-ны "құтқару" үшін «Қазақмыс» корпорациясы қомақты қаржы бөлмек.

«Жақын арада Ұлттық Банк  240 млрд теңге көлемінде түскен өтінімді қарастырады. Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында, банктерге қолдау көрсету бағытында жүзеге асады. Қаржы түскен кезден бастап, банк өз тарапынан орта және шағын деңгейдегі депозиттерді қайтару, әлеуметтік маңызы бар төлемдерді іске асыру жұмыстарын қолға алады», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр АҚЫШЕВ.

Естеріңізге сала кетейік, РБК банкінің қаржылық жағдайына қатысты күдік қазан айының орта шенінде тіркелген еді. Оған дейін СТАНДАРТ ЭНД ПУРС Global Ratings халықаралық агенттігі банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие беру   деңгейін төмен бағалаған. Оның себептері де жоқ емес. Соңғы 8 айда банк 192 млрд-қа жуық қаржыны жоғалтқан. Ол дегеніміз депозит көлемінің азайғанын көрсетеді. Әрі, ірі компаниялар сенімін жоғалтқан. Осы жағдайға орай, салымшылар біраз қиындықтарға тап болды. Данияр Ақышевтың мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда банкте 28 мыңнан астам жеке тұлғаның шоты бар. Құйылған сома көлемі 188 млдр теңге. Салымшылар сан ұрып қалмас үшін жақында Елбасы түйіткілді шешуді тапсырған еді. Осыған орай, мемлекет тарапы Ұлттық банк, Үкімет, квазиМемлекеттік сектор арқылы азаматтардың сомасын қайтару мүмкіндіктерін қарастырылуда. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир