Алматыда жалпы 178 діни бірлестік тіркелген

15.05.2017 16:01

Алматыда діни мәселелерді ақпараттық-түсіндіру тобы биыл 500-ден аса профилактикалық шара өткізбек. Құрамында 100 адам бар топ қаланың барлық ауданында жұмыс істейді. Олардың барлығы арнайы курстан сабақ алған. Халықпен кездесу қалай жүзеге асырылатынын мамандар жиын барысында талқылады. Атап өтерлігі, қалада жалпы 178 діни бірлестік тіркелген.

«Ақпараттық түсіндіру тобының мақсаты еліміздің мемлекеттік дін саясатын түсіндіру. Халыққа жеткізу дінаралық және дінаралық келісімді насихаттау. Құқықтық және діни сауаттылықты көтеру және радикалды діни идеологияның және әшкерелеу бойынша жұмыс жүргізеді. Ол үшін біз қажетті оқу сеинарларын өткіздік. Барлық материалмен әдістемелік құралдармен қамтамасыз еттік», - деді Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар ЕСЕНБЕКОВ.