Алматыдағы бұрынғы Түрксіб ауруханасы сәулет ескерткіштерінің қатарына енді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда бұрынғы Түрксіб ауруханасы сәулет ескерткіштері қатарына қосылмақ. Ғимаратты тарихи маңызды нысандар тізіміне енгізуді қала әкімі Бауыржан Байбек тапсырды.
Абай көшесінің бойында орналасқан нысан 1950 жылдары сәулетші Михаил Кудрявцевтің жобасымен салынған. Бұл қаладағы классикалық және өңірлік дәстүрлерді паш ететін «ұлттық үлгіде» сақталып қалған аз ғана нысанның бірі.
Бұрынғы аурухананың сыртқы келбетін, құрылымын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.
Айта кетсек, Алматы әкімі Бауыржан Байбек осыған дейін «Сайран» автовокзалын да жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы мәселені қарауды тапсырған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33