Алматылық кәсіпкерлер спорт алаңдарын жаңа жарақтармен жабдықтамақ

Алматылық кәсіпкерлер спорт алаңдарын жаңа жарақтармен жабдықтамақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық кәсіпкерлер биыл да мәрттік танытуға бекініп отыр. Олар ұзын-ырғасы 500 млн теңге көлемінде ақша бөліп, қаладағы спорттық алаңдарды жаңа жарақтармен жабдықтамақ. Осылайша, 12 ірі жоба мемлекеттік жеке меншік серіктестік жобасы аясыныда  іске асады. Сондай-ақ, қалталылар олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық мектебі  мен вело жолақ жұмыстарын жаңғыртуға білек сыбана кіріспек.

«Бұдан былай 12 жылдай уақыт бойы мектептердің спорттық алаңдарын замануи қалыпта ұстау кәсіпкерлердің мойнында  болмақ. Яғни, мемлекет тарапынан ешқандай шығын шықпайды. Үкімет пен жеке меншік серіктестік арасындағы келісім шарт аяқталғаннан соң, кәсіпкер дайын нысандарды мемлекетке қайта қайтарып беруге мінедетті»,- деді «Атамекен» ҰКП МЖС бойынша кеңесші, Қайрат ҚАСЕНОВ.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама  аясында 8 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асады. Кәсіпкерлер ескірген бөбекжай ғимараттарын жаңартып, білім беру ошақтарындағы қауіпсіздікті күшейтеді.



Новости партнеров