Алматының Түрксіб ауданында төрт балабақша ашылды

06.11.2017 в 21:57

Алматыдағы Түрксіб ауданында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 4 бірдей балабақша ашылды. 210 орынға арналған бөбекжайда бүлдіршіндер 3 тілде тәрбиеленеді, менталды арифметиканы меңгерумен қатар, ән-би үйірмелері жұмыс жасайды. Биылғы жылдың 9 айында осымен 11 балабақша ашылды. Жылдың соңына дейін тағы алтауын ашу жоспарда бар. Бұл жергілікті мекендегі бөбекжай тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді. Аудан бойынша қазір 2300 балғын балабақша кезегінде тұр.