Қостанайда әпкесімен ұрсысып қалған жасөспірім 9-шы қабаттан секіріп кеткен

27.08.2018 17:00

Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Қостанайдағы 14 жасар жасөспірім өлімінің себебін хабарлады, деп жазады alau.kz.

«2004 жылы туған жасөспірім әпкесімен ұрсысып қалғандықтан, тоғызқабаттық тұрғын үйдің 9-шы қабатынан секіріп кеткен. Ұл баланы құтқарып қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады ТЖД.  

Қайғылы оқиға 25 тамыз күні орын алған. Жасөспірім Қостанай облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды.  

Сурет / alau.kz