Үлкен Алматы айналма тас жолының құрылысына жер бағасының қымбаттауы концессионерді таңдау кедергі келтірген

Үлкен Алматы айналма тас жолының құрылысына жер бағасының қымбаттауы концессионерді таңдау кедергі келтірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үлкен Алматы айналма тас жолының құрылысына жер бағасының қымбаттауы, теңге бағамының өзгеруі мен концессионерді таңдау кедергі келтірген. Инвестициялар және даму министрі қазір бұл мәселелердің шешілгенін және жыл аяғына дейін құрылыс компаниясының анықталатынын мәлімдеді. Сенат отырысында сенаторлар үлкен жобаның орындалуына назар аударды. Жол құрылысы үшін Қазақстан Республикасының «Концессия туралы» заңына өзгерістер енгізілген болатын. Ал 2015 жылдың соңы мен 2016 жылдың басында концессионерді анықтау бойынша конкурс өткізілді. Жауапты министрліктің жоспары бойынша, концессионер, яғни құрылысты жасайтын компания өз қаражатына жолды салады. Ал кеткен шығынын 20 жыл көлемінде ақылы тас жолдан түсетін ақы арқылы қайтарады.

«Біз бұл жобаны Мемлекеттік жекеменшік серіктестіктің алғашқы пилоттық жобасы ретінде іске асыруды жоспарлаған едік. Жалпы ұзындығы 60 шақырым. Ол өз кезегінде қаланың транспорт жүйесін жеңілдетеді. Негізгі мәселе, 2009-2010 жылдары жер бағасы жоғары болды. Осыдан кейін жұмыстар тоқтатылды. Ал жер бағасы төмендегеннен кейін, жер иелерімен келісуге мүмкіндік туды. Әкімдік ол аумақты 8 есе арзанға сатып алды»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрі, Жеңіс ҚАСЫМБЕК.

Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма тас жолының алғашқы бас жоспары 2002 жылы бекітілген еді. Ол күрделі әрі үлкен жобалардың бірі саналады. Алматы облысының 3 ауданын қамтиды. Жоспар бойынша, сағатына 140 шақырыммен жүруге арналған 6 жолақты жол болады. Айналма тас жолының бойында 7 жол айрығын, 13 көпір салу көзделіп отыр. 

Новости партнеров