Оралда өрт қауіпсіздігі сақталмаған сауда орындары уақытша жұмысын тоқтатты

16.08.2018 17:15

Орал қаласында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 15 сауда нысанына сот шешімімен 2 млн 800 мың теңге көлемінде айыпппұл салынған.

Соның ішінде, «Строймаркет», «Жадыра», «Алтын алма», «Квант», «Форум» сауда орындарының жұмыстары белгілі бір мерзімге тоқтатылып отыр. Бұл жөнінде БҚО ТЖД мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Tdk42.kz.

Естеріңізге саламыз, Ресейдің Кемерево қаласындағы қайғылы жағдайдан соң елде үкімет басшысы мен бас прокуратура барлық ойын-сауық орталықтарында тексеріс өткізуге тапсырма берген еді. Нәтижесінде, анықталған құқықбұзушылықтар тез арада жойылып, жауапты тұлғалар айыппұлға тартылып отыр.