«Қазәуеқұтқару» мен «Қазәуеорманқорғау» басшылары сотталды

19.02.2018 23:04

Өткен жылдың қазан айынан бастап қаралып жатқан істің нүктесі қойылды. «Қазавиа орманды қорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры Төлеуғазы Сексенбаев 3 жылға, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының экс директоры Мәлік Досымбеков 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қауіптілігі орташа түзету мекемесінде өтейді.Төлеуғазы Сексенбаев үйінде қызмет етіп жүрген аула сыпырушыға мемлекеттік мекемеден айлық төлеп отырған. Оған қоса, Шығыс Қазақстан облысындағы Рахман қайнарларына бару үшін тікұшағын жеке қамына пайдаланған. «Миллиондап пара алды» деген және «ұшу тарифін көтеру бойынша айыпсыз» деп танылды. Сонымен қатар, судья айыпталушылардың денсаулығын ескере отырып, жазасын азайтқан. Қаперде болса, прокурор бұған дейінгі сот отырысында күдіктілерді 10 және 11 жылға қамауға алу жазасын кесуді сұраған еді.

«Ең бастысы менің қорғалушыма пара алу 366 бап бойынша тағылған айыптан ақталып шықты. Ол үшін қуанышытымыз. Сондай-ақ 189-бап «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» және 361-бап «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» бойынша айыпсыз деп танылды», - деді Төлеуғазы Сексенбаевтың адвокаты Оксана ХАНОВА.