Алматыда атжалмандармен күрес әліде жалғасуда

05.12.2016 15:53

Атжалмандармен күрес. Қала әкімшілігі дератизация жұмыстарына қосымша 50 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді. Қазанның 27 нен желтоқсанның соңына дейін Алматы қаласына қарасты 8 ауданның көпқабатты тұрғын үйлері толығымен дезинфекцияланады. Дератизация Жетісу ауданында толығымен жүргізіліп, бүгінде оң нәтиже көрсетті. Ал, Алатау ауданында кеміргіштермен күрес қызу жүріп жатыр. Ендігі кезек Түрксіб ауданы.


 «Бүгінде егеуқұйрықтарға қарсы, улау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл «Ақкент» ықшамауданынан басталды. Осы біздің ауданымызда 174000 шаршы метр үйлер бар. Сол үйлерді осы 3 күн ішінде улау жұмыстары қалалық дезинфекция орталығымен жұмыстар басталды»,- деді Алматы қаласы тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің бас маманы, Айгүл БАЙТІЛЕСОВА. 


«Бромдилон» - кеміргіштерді жоюға арналған у. Бидайды аталмыш химикатқа араластырып, жертөлелерге тастайды. Бір шаршы метр жерге 2 грамм уланған бидай жетіп жатыр. У 7-8 тәулік ішінде әсер етеді,- дейді мамандар.