Қазақстандықтар билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі бойынша ел Конституциясына енгізілген түзетулерді қолдады. Бұл туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында мәлімдеді.
Нұрсұлтан Назарбаев енгізілетін өзгерістердің бәрі еліміздің дамуына ерекше серпін беретінін және бұл қадам біз үшін маңызды екенін айтып, бұл мәселесінің маңызылығы ескеріле отырып, жұмыс тобы әзірлеген Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы бүкілхалықтық талқылауға шығарылғанын баса айтты.
«Реформалардың нәтижесінде биліктің бір тармағы өкілеттігін толық иеленіп, дербес жұмыс істейді. Әрбір тармағы, өзіне тиісті. Соған сәйкес жауапкершілікті де сезінуі керек. Өкілетті биліктің үкімет пен атқарушы билік органдарға бақылауы күшейіеді. Бұл - мемлекеттің кәсібилігін арттыру мен қатар, Конституциядағы биліктің бірден бір бастауы - халық деген қағиданы бекіте түседі», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстардың арасында Парламент депутаттарын бір мандатты округ бойынша сайлау өткізу, қос палаталы парламентті бір палаталы парламентке айналдыру, депутаттық корпус пен судьяларға қойылатын талаптарды күшейту, сияқты ұсынысы бар.
«Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі мәселелері жөніндегі жұмыс тобына әр түрлі мағынадағы 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Барлық ұсыныстар жұмыс тобымен жинақталып, мұқият зерделенді. Бұл жұмысқа отандық және шет елдік сарапшылар, мемлекеттік органдардың мамандары тартылды. Жұмыс нәтижесі Нұрсұлтан Әбішұлы сіздің ойларыңыздың дұрыстығын және оны жалпы халықтың қолдайтынын көрсетті», - деді ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ.
Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының пікірін ескеріп, 26-бапқа өзгеріс енгізбеуді ұсынды, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру және оның негізгі ережелерін түсіндіру шараларын одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.
«Ел болашағы үшін айырықша маңызды, осы құжаттың тағыдырын біз шешуіміз керек. Ары қарай не істеуіміз керектігін қорытынды жасап, қашан парламентке талқылауға түсіру қажеттігін шешуіміз керек. Конституцияның 23 бабына өзгерістер енгізілетін болды. Заңдарға 35 өзгерту енгізілетін болды. Негізгі мәселе, осының барлығы президенттегі өкілеттікті басқа тармақтарға беру болып табылады», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлатан НАЗАРБАЕВ.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ұсынылған түзетулерді талқылау барысында ел азаматтары жоғары белсенділік танытқанын айта келіп, алдағы реформаның маңыздылығы мен өзектілігін тағы бір мәрте атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын елбасы өз Үндеуінде билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу үшін конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігін мәлімдеп, заң жобасын халықтың талқылауына бір ай мерзім берген еді.