Таиланд Қазақстанмен арадағы әуе қатынасын арттыруға мүдделі

Таиланд Қазақстанмен арадағы әуе қатынасын арттыруға мүдделі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Қазақстан мен Таиландтың авиация билігінің және әуе компаниялары (Air Astana, SCAT, Thai Airways) өкілдерінің қатысуымен екіжақты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Келіссөздерді Тайландтың авиациялық билік органының Бас директоры Чула Сукманоп пен ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев жүргізді. Кездесу барысында тараптар код-шер ынтымақтастығын пайдалану, екі жақтың аумағында ұшу әрі қону пункттері, ұшу қауіпсіздігі және басқа да мәселелерді талқылады», – делінген ҚР ИДМ мәліметінде.  

Қазіргі уақытта екі ел арасындағы әуе байланысы «Эйр Астана» компаниясы аптасына 5 рет орындайтын «Алматы - Бангкок» (қыста аптасына екі рейс қосылады) және аптасына 3 рет орындайтын «Астана - Бангкок» тұрақты тікелей рейстері арқылы орнатылған.  

Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде, қазақстандық «Эйр Астана» компаниясы үшінші елдердің әуе компанияларымен код-шер уағдаластықтар жасау құқығына ие болды.

Жаңа тәртіп қазақстандық жолаушыларға осы бағытта жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді.


Новости партнеров