|
22.08.2018 | 14:13
1965

Алматыда автобустар көшедегі жағдайды видеоға түсіріп алатын болды

Алматыда автобустар көшедегі жағдайды видеоға түсіріп алатын болды

Алматы автобустарына көшедегі жағдайды түсіріп алу үшін видеокамералар орнатылады. Бұл туралы брифингте қалалық ішкі істер департаментінің өкілі айтты, деп хабарлайды Today.kz.

Бірінші кезеңде камера 30-дан 50-ге дейін автобустарды түсіріп алмақ.

Алматы ІІД әкімшілік полициясы басқармасының басшысы Жандос Мұртәлиевтің сөзінше, бастапқы кезең 2018 жылдың соңына дейін жүзеге асады.

«Әзірге маршруттардың нақты нөмірлері анықталған жоқ, болашақта белгіленген жолмен жүретін автобус бағыттары назарға алынбақ. Олар басқа жүргізушілердің заң бұзушылықтарын түсіріп алып қана қоймай, автобустарды да түсіреді», – дейді Мұртәлиев.

Айта кетейік, Алматыда такси жүргізушілері мен басқа да транспорт жүргізушілеріне түнде қоғамдық көлік жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир