Талғардағы банкті тонағандар әлі табылған жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талғардағы банкті тонағандар әлі табылған жоқ. Алматы облысының полицейлері қарақшыларды қолға түсіру үшін күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Осы күні куәгерлердің барлығынан сұрау алынған екен. Әзірге, қап қаражатты қолды қылғандардың кім екені белгісіз. Баукеспелер өткен айда «Каспий банкінің» Талғардағы бөлімшесін тонап, 40 млн теңгені қалталарына басқан еді. Тоналған ақшаны қаржы ұйымы өз тарапынан толық өтеуге келіскен. Ал, күдіктілер туралы қандай да бір ақпарат берген адамға 5 млн теңге сыйақы тағайындалды. Одан бөлек, қарақышлардың шабуылынан шошып қалған қызметкерлерге 3 айлық ақы есебінде жәрдемақы көрсетілді. 


Новости партнеров