Талғат Ермегияев түрме тәртібін бұзғаны үшін 5 тәулікке абақтыға қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
14 жылға сотталған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев түрме тәртібін бұзғаны үшін 5 тәулікке абақтыға қамалды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше ол түрме тәртібін бұзған. Айта кетейік, осыған дейін Ермегияевке жақсы жағдай жасаған ЕЦ-166/10 түзету колониясының басшылары, сондай-ақ бір топ лауазымды тұлға жазаланған еді. Қалтасы қалың қамалушыға қамқор болған 13 адам қызметтен қуылса, қалғандары тәртіптік жазаға тартылды. Мемлекеттің миллиардтаған қаржысын жымқырған Талғат Ермегияев ұзақ жылға сотталып қана қоймай, мүлкі тәркіленіп, басшылық жасау жұмысынан өмір бойына айырылған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06