«Қорғас ісі» бойынша куәгер болған қаржы полициясының бұрынғы агенті Талғат Махатов адам өлтірді деген күдікпен тұтқындалды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ол, 2012 жылы қайтыс болған кеден қызметкері Медет Жамашевтің өліміне қатысы болуы мүмкін. Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың 30 қазанында Махатов «Қорғас ісі» бойынша сотта басты куәгер ретінде қатысқан болатын. Қылмыстық істің материалы бойынша Талғат Махатов «Қорғас» бекетіндегі жемқорлық жоспарын әшкере еткен еді.