Тараздағы атыстан екі адам жараланды

19.03.2018 в 22:33

Таразда болған атыс салдарынан екі адам жарақаттанып, ауруханаға түскен. Бұл ақпаратты №1 қалалық аурухана дәрігерлері растап отыр, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, оқ екеуінің де аяғына тиген. Оқиға қаладағы шайханалардың бірінде болғанға ұқсайды. Бір топ жігіт 3400 теңге шотты төлеуден бас тартып, тыңдамастан шығып кетпек болған. Осы кезде даяшылар амалсыз күзет шақыртыпты. Куәгерлер сөзінше, шайханадан шыққан бір топ жігіт күзет қызметкерлерімен төбелескен болуы мүмкін деп болжануда.

Алайда ІІД әзірге нақты ештеңе айтпай отыр. Облыстық ішкі істер департаменті істің ақ-қарасын бағдарлап, ресми ақпаратты дүйсенбі күні беруге уәде етті.

Дәрігерлер, «жарақат алғандарың біреуі 5-ші, ал екіншісі 7-ші шағын ауданда «белгісіз біреулер атып кетті» деп түсінік берді», – дейді. Қаза тапқандар бар-жоғы белгісіз.

Теги: Тараз