Тау-шаңғы, фристайл және сноубордтан Қазақстан кубогының кезеңдері мәресіне жетті. Шымбұлақ трассасында өткен жарыс дүниежүзілік универсиада қарсаңында тестілік сайыс ретінде ұйымдастырылды. Кубок кезеңінде жеңіске жеткендер марапатталды. Бапкерлер мен спортшылар жарыс жолына қандай баға берді?
«Слалом сайысында универсиадада қазақстанның атынан шығатын Мартин Хубер жақсы нәтиже көрсетуі мүмкін. Айтарым, қатысатын жастардың көбі үлкен додада бақ сынап көрмеген. Алайда, дайындық жақсы. Мынау Қазақстан кубогының кезеңі кімнің қандай деңгейде екенін көрсетті. Енді тек жеңістен үмітті боламыз»,- деді Тау-шаңғы спортынан қазақстан ерлер құрамасының аға бапкері, Дәулет БОҒЫСПАЕВ.
Тау-шаңғы спортындағы слалом тәртібіндегі Қазақстан кубогы кезеңінің жеңімпаздары: ерлер арасында - Мартин Хубер, ал әйелдерден - Мария Григорова.
«Кубок кезеңі мен үшін жақсы жаттығу болды. 29-ы басталатын универсидадаға дейін трассаға үйренуге де болады. Тізем сәл ауырғаны болмаса, қалған дайындық жақсы. Көп мықты спортшы келеді. Алдын-ала айтудан аулақпын. Бірақ, жақсы нәтиже көрсетуге барымды саламын»,- деді Тау-шаңғы спортынан қр құрамасының мүшесі, Мартин ХУБЕР.
Ал, фристайлдан Қазақстан құрамасының көшбасшылары Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков АҚШ-тағы әлем кубогының кезеңіне қатысып жатқандықтан, ел кубогының кезеңінде өнер көрсете алмады. Олардың жоқ болғаны жас спортшыларға олжа әкелді.
«Жарыс жақсы өтті. Мен Универсиада кезінде Қазақстан құрамасының сапында жарыс жолына шығамын. Бүгінгі сайыс мен үшін бірден кубок кезеңі, тестілеу және жаттығу ретінде өтті»,- деді Фристайлдан Қазақстан кубогы кезеңінің қола жүлдегері, Александр ГЕБЕРТ. ¤
Паралельді алып слаломда жеңімпаздар қатарынан қыздар арасында арасында Юлия Бондарева мен ерлер арасында Дмитрий Егоренко көрінді. Ал, Тау-шаңғышылар арасында алып слаломда Захар Кучин мен Екатерина Карпова топ жарды. Кубок кезеңінде жеңіске жеткен барлық спортшылар алдағы Универсиадада Қазақстан атынан шығатындар.
Әнуарбек Жәлел, Рашит Шүкіралиев, «Алматы» телеарнасы