Таиланд кәсіпкерлері Қазақстандағы әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс істеуге ынталы

28.06.2017 15:20

Таиланд елінің кәсіпкерлері Қазақстандағы әріптестермен қоян-қолтық жұмыс істеуге ынталы. Алдағы уақытта екі ел арасында импорт пен экспорт көлемі ұлғаймақ. Кездесу барысында аталмыш тарап отандық бизнесмендермен бетпе-бет кездесіп, келісім-шарт жасауды қамдады. Бұл еліміздің шағын және орта бизнес өкілдері үшін күтпеген ұсыныс болды.

Отандық бизнесмендермен бетпе-бет жүздескен ақ пілдер елінің өкілдері күтпеген ұсыныстар жасады. Ұзақ жылдар бойы жүзеге асатын әріптестік қарым-қатынасқа бір күннің ішінде қол жеткізуге мүмкіндік туды. Қамтыған салада сан алуан. Биоэнергия көзін алудан бастап, ауылшаруашылық, денсаулық, көлік техникасына дейін бар. Қазақ еліне арнайы келген  Датчат Пунккау денсаулық күтіміне қажетті өз өнімін ала келіпті. Басты мақсаты - Қазақстан нарығына шығу.

«Мен Қазақстан жайында жиі еститінмін. Сондықтан арнайы келіп отырмын. Біз мұнда сұлулық индустриясында жеткен жетістіктерді көрсеткіміз келді. Қазақстандағы нәзік жандар біздің тауарлар мен өнімдеріді қолдануға тиіс деп ойлаймын. Себебі, бізде барлығы табиғи өнім. Сондықтан да әріптестік қарым-қатынасты нығайта алатын орта табамыз деген сенім бар», - деді кәсіпкер Датчат ПУНККАУ (Тайланд).

Таиланд елі мен Қазақстан арасында айтарлықтай қарым-қатынас дамымаған. Бірақ бетпе-бет жүздесу біраз кәсіпкерлердің жолын ашты десек болады. Алдағы уақытта 50-ге жуық ірі бизнес өкілі Алматы мен Астана қаласында ақымды келісім-шартқа қол қойып, қоян қолтық жұмыс жасайтын болады.

«Қазіргі кезде үлкен жобалар іске асады деп айта алмаймыз. Бірақ сол бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Болашақта айтулы нәтижеге жетіп, тығыз байланыс орнайтынына сенімдімін. Ал халық назарына барлық жеткен жетістікті ұсынып отырмыз», - деді Тайланд Корольдігі елшілігінің өкілдігі Киттананд  ЫИНГЧАРОЕН.

Астана тұрғыны, әрі кәсіпкер Данияр үшін бұл таптырмас мүмкіндік болды. Түрлі бағытта бағын сынаған ер азамат бүгіндері шағын кәсіпкерлер қатарына қосылған. Аталмыш ел ұйымдастырған кездесуге арнайы келіпті. Себебі, Тайланд елінің өнімдері көбіне табиғи, химиялық қоспасыз деген ойда.

«Біз жұбайымыз екеуміз Тайландқа демалысқа барған болатынбыз. Сол  тұста біз олардың өнімімен танысып, қолданып көрдік. Әйеліме ұнады. Табиғи болғандықтан елімізге әкелсем деген ойым бар. Себебі, бізде мұндай тауарлар жоқ», - деді кәсіпкер Данияр ОМАРОВ.

Тайланд тарапы сонымен қатар, «Болашақ энергия» тақырыбында естен шығармаған. Үш ұйықтаса түске кірмейтін жобаға теңейді. Яғни, жүгеріден биоэнергия көзін өндіру таңқалдырарлық дүние. Тіпті, «Пха-Ланг» аталатын жүгері аталмыш елдің бойтұмары, ерекше символына айналған. Осы тұста айта кетерлік жайт, екі елді байланыстыратын дәл осы астық түрі болмақ.  Өйткені, оны біздің елде өсіруге қиындық тумайды.

Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы » телеарнасы Астадан