«Алматы» телеарнасы тағы үздік атанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Журналистердің төл мерекесі қарсаңында "Алматы" телеарнасының ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған болатын. Енді арнамыздың жұмысын еліміздің белсенді азаматтары да, яғни бейресми орта жоғары бағалап отыр.
Айтулы мерекеге орай Алматыда дәстүрге айналған «Журналистика күні» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биыл бесінші рет өткен шараға елімізге танымал журналистер мен қоғам қайраткерлері және блогерлер қатысып, жылдың үздіктерін анықтады.
Осылайша, «Алматы» арнасының ұжымы Қазақстандағы ең үздік телеарна номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, қызметкерлеріміздің еңбегі еленді. Шығармашылық ұжым үшін бұл аса үлкен мәртебе.Айта кету керек, ұйымдастырушылар барлығы оннан астам номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Олардың қатарында үздік интернет-портал, үздік журналист, үздік радио, үздік блогер сынды номинациялар бар.
Ал, байқауды бұл жолы Beeline, Raimbek, Heineken, Deloitte, KAZ Minerals, Magnum Cash & Carry, Huawei Kazakhstan, DAR сынды алып компаниялар ұйымдастырған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.11.2026 08:10
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
24.11.2026 14:31