Теміртауда бетін бүркегендер дүкенді тонап кетті

19.09.2017 21:18

Беттерін тұмшалап, қару кезенген қарақшылар Теміртаудағы дүкенді тонап кетті. Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазба әлеуметтік желіге жарияланғаннан кейін оқырмандар қызу пікір білдіріп жатыр. Олардың жазбасында, жуықтан бері өңірде қарақшылық шабуылдың жиілеп кеткені айтылған. Алайда, облыстық полицейлер ел пікірін қаңқу сөзге теңеді. Керісінше, Теміртауда соңғы күндері тек 3 қарақшылық шабуыл мен 1 тонау дерегі тіркелген. Сұғанақтар шағын дүкендер мен сауда нүктелерін үптеп кетіпті. Қазір барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қарақшыларды қолға түсіру үшін жедел іздестіру тобы құрылды.