Теміртауда дүкен тонаған қарақшылар ұсталды

23.09.2017 02:38

Дүкендерге қарақшылық шабуыл жасаған бір топ адам қолға түсті. Теміртауда орналасқан сауда орындарын тонаған күдіктілер 19 бен 21 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Арнайы операция кезінде полицейлер олардан ақша мен қаруларды тәркілеген. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын беттерін тұмшалап алған бірнеше қарулы қарақшы Теміртаудағы 3 дүкеннің кассасындағы қаржыны ұрлап кеткен болатын.