Теміртауда тәрбиеші қылғындарған баланың туыстары тағылған айыппен келіспейтінін айтты

29.08.2018 18:13

Теміртауда жекеменшік балабақшалардың бірінде азап көрген қыздың туыстары тәрбиешіге тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Екі жасар қыздың әжесі атышулы видеода туған немересі Нана екенін кеше ғана білген. Ол ролик әлеуметтік желілердер таралып, қолданушылардың назарын аударған еді.

«Мұның барлығын ұмытып, қалай әрі қарай өмір сүруге болады. Мұндайды жауына да тілемейсің. Кеше видеоны көріп, қызыма хабарласып, «Баланы осы балабақшадан алып кеткеніміз жақсы болыпты! дедім. Ол болса: «Ол біздің Нана!» деді. Мен баладан психикалық ауытқуларды байқаған едім. Жұлысатын болған. (...) Меніңше, бұл баланы өлтіруге оқталу!» - деп жылады баланың әжесі Людмила Мантлер.

Қыз жекеменшік балабақшаға барып жүрген. Онда барлығы 50 бала бар. Людмила Мантлердің айтуынша, ондағы тәрбиешілердің балаға дұрыс қарамайтынын бірнеше рет байқаған. Ал балабақша меңгерушісін ол бірде-бір рет балабақшадан көрмепті. Ал қазір бала басқа балабақшаға барып жүр.

Полиция өкілдері өз кезегінде тәрбиешіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тәрбиешіге тағылған айып бойынша ол 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 240 сағатқа қоғамдық жұмыстарға атсалысу немесе 75 тәулікке дейн қамалуы мүмкін. Алайда қыздың анасының айтуынша, бұл жеткіліксіз.

«Қазір тағылып жатқан айыптар мені қанағаттандырмайды. Мен максималды қатаң жаза тағайындалуын сұраймын. Балабақшаның лицензиясын тартып алсын, осы іске қатысты барлық қызметкер жазалансын», – дейді қыздың анасы Анна Баркалая.

Сондай-ақ,  «Домик» балабақшасының қалалық білім беру басқармасына бағынышты емес екені белгілі болды.

Еске сала кетейік, мұның алдында Теміртауда тәрбиешінің баланы ұйықтату үшін қылғындырғаны жайлы хабарланған болатын. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.