Мектеп түлектерінің 100 пайызы ұлтына қарамастан, қазақ тілінен сынақ тапсырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мектеп түлектерінің 100 пайызы ұлтына қарамастан, қазақ тілінен сынақ тапсырады. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналистерге берген сұхбатында  осылай деді. Сөзінше, осыған дейін орыс тілінде білім алған түлектер ұлттық біріңғай тестілеуде қазақ тілінде тесттен өткен. Бірақ, оның нәтижесі есептелмейтін. Ал, жаңа өзгеріске сәйкес,  енді қазақ тілінен жинаған ұпайлары сынақ нәтижесіне қосылады. Егер сыннан сүрінсе, онда түлектерге мектеп бітіргені туралы аттестаттау құжаты берілмейді.

«Биыл ҰБТ екі жаққа бөлініп отыр. Сонда жүз пайыз балаларымыз мектептің экзамендерін тапсырады. Қазақ тілі мектептерде тапсырылатын болады. Бірақ, билеттер арқылы емес, бірыңғай тест ретінде 100 пайыз балаларымыз қазақ тілін тапсырады»,- деді ҚР Білім және ғылым министрі, Ерлан САҒАДИЕВ.


Новости партнеров