Тікелей эфирде сұхбат беріп отырған әйелдің жүрегі тоқтап қалды

13.09.2018 17:44

Танымал үнді профессоры Рита Джитендра (Rita Jitendra) тікелей эфирде сұхбат беріп отырғанда көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.

81 жастағы қарт әйел телеарнаның тұрақты қонағы болған. Ол дүйсенбі күні таңғы бағдарламада өмірінің елеулі сәттерін еске алып отырғанда, аяқасты тынысы тарыла бастайды.

Арада бірнеше минут өткенде оқиға орнына шұғыл келіп жеткен дәрігерлер профессордың дүние салғанын мәлімдеген. 

Болжам бойынша, Рита Джитендраның жүрегі тоқтап қалған. Жүргізушінің айтуынша, сұхбат алдында әйел адам өзін жақсы сезінген.



Теги: профессор