Мемлекетті күшпен басып алуға талпынған Тоқтар Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта кесілді. Өңірлерде жер дауын ушықтырған сыра магнатының барлық мүлкі тәркіленетін болды. Жиған-тергенінен бөлек, «полковник» дәрежесінен және «Құрмет» орденінен айырылады. Жазасын қылмыскер қатаң режимдегі колонияда өтейді. Бас-аяғы Төлешев 18 ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген айыппен сотталуда. Материалдардың мемлекеттік құпияларға толы болуына байланысты, сот бірнеше ай бойы жабық түрде өткен. Тек қаңтарда еліміздің құзырлылары арнайы операция жүргізіп, оны қолға түсірген. Арада тек алты ай өткеннен кейін ғана, Төлешовке «қаражаты мен лауазымын пайдалана отырып, билікті күшпен басып алуға тырысты» деген айып тағылды. Әскери сот оның сыбайластарына да үкім шығарды. Ал Төлешовтің ұлы Төлеген 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.