Токиода 212 келі тунец балығы 615 мың долларға сатылды

06.01.2017 17:59
Балық сатудан биылғы жылдың рекорды орнатылды. Токиода 212 келі тунец балығы 615 мың долларға сатылды. Таңғы сағат бесте басталған аукционда тунец балығын Киеси Кимура есімді бизнесмен сатып алған. Токидағы Цукидзи базары Жапониядағы ең ірі балық сату орталықтарының бірі болып табылады. Бір қызығы аукцион арнайы орындарда емес, кәдімгі базарда баға бәсіне қойылған. Ал осы базарда жоғары бағаға сатылған балықтар  суши-мейрамханасына жөнелтілген. Ал  80 жылдық тарихы бар  базардың ескі, әрі қолайсыздығына қарамастан  әлемнің әр түпкірінен күніне мыңдаған туристер келеді екен.