«Төрт ағайынды» атты қылмыстық топ жетекшісі сотталды

«Төрт ағайынды» атты қылмыстық топ жетекшісі сотталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде «Төрт ағайынды» атты  ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерінің бірі болған Еркін Ізбасар сотталды. 

«Қылмыс әлемінің серкесі» аталып жүрген топ басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот ғимаратына жедел жәрдем көлігімен жеткізілген Ізбасаровты арнайы жасақтың қарулы күзетшілері қоршап жүрді.

«Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз шетелге  сатты, кәсіпкерлерді қорқытып, бизнестерін тартып алды» деп айыпталған топтың өзге мүшелеріне де сот үкім кесті.

Барлығы 26 адамнан құралған қылмыстық топтың қатарында болғандар  20 мен 40 жас аралығындағы жігіттер. Олар 3 жылдан 13 жыл аралығында бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді. Араларында бұрын сотталғандары да аз емес.  Ал үкім шыққанда өзін еркін ұстаған Еркін Ізбасардың барлық дүние мүлкі де тәркіленетін болды.


Новости партнеров