Құтқарушылар судағы кезекті қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобына сілтеме жасап.
Құтқарушыларға төрт жасөспірім туралы ақпарат 31 шілдеде сағат 15.50-де түскен. 15, 14, 13, 12 жастағы жасөспірімдер денелеріне пластик бөтелкелерін байлап, Усольск су айдынын жүзіп өтпек болған. Олар 21 шілдеде 1980 жылғы ер адам ағып кеткен тұстан суға түскен.
Ол жерден қарсы беттегі жағаға дейінгі қашықтық 250 метрді құрайды. Балалар жарты жолды жүзіп өтіп, суға бата бастайды. А.И. Носков бастаған құтқарушылар тобы суда әлсіреген балаларға жетіп үлгерген.
Құтқарушылар тобы оларды жағаға шығарып алды. Төртеуіне де психологиялық көмек көрсетілді.