|
29.03.2018 | 20:47
1768

Кемероводағы өртке байланысты күдіктілер 2 айға қамауға алынды

Кемероводағы өртке байланысты күдіктілер 2 айға қамауға алынды

Кемероводағы өртке байланысты күдіктілер тергеліп жатыр. Олар ойын-сауық орталығының басқарушысы, техникалық директоры, өрт дабылы қызметін атқаратын компанияның басшысы мен жұмысшысы және пультте отыратын күзетші. 5 күдіктінің барлығы шамамен 2 айға тергеу изоляторына қамауға алынды. Ұсталғандардың кінәлары дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырулары мүмкін.

«Сот Надежда Суденоктың қылмыстық іске қатысы бар деген күдікті негізді деп танып, тергеу изоляторына қамауға шешім шығарды», - деді РФ Заводской аудандық сотының судьясы Дмитрий ШАНДРОВ.

Қаперде болса, өткен жексенбіде Кемерово қаласында «Зимняя вишня» ойын-сауық орталығында өрт болған еді. Ресми деректер бойынша қаза тапқандар саны 64. Оның 41-і балалар. 70-тен аса адам зардап шеккен. 14-і ауруханада. Төтеншеліктердің сөзінше, аталған сандар нақты. Із-түссіз жоғалғандар жоқ. Алайда, митингке шыққандар 85 адамның жоқтығын айтады.

Дегенмен, іздестіру шаралары әлі жалғасып жатыр. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сымдардың тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Қызыл жалын 4-ші қабаттағы балалар ойнайтын бөлмеден шыққан. Сонымен қатар, тергеушілер ойын-сауық орталығында қосалқы есіктердің жабық болғанын айтуда. 28 наурызда Ресейде аза тұту күні жарияланды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир