Назарбаев Астананың іргесін қалауға атсалысқан азаматтармен кездесті

Назарбаев Астананың іргесін қалауға атсалысқан азаматтармен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың іргесін қалауға алғашқы болып атсалысқан азаматтармен кездесті. Елорданың Ақмола қаласына көшуінің 20 жылдығына арналған салтанатты шара барасында Астананың дамып, өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, сол жылдары Елбасымен иық тіресе қызмет еткен азаматтарға Президент алғыс айтып, өткен күндерді еске алды. 

«9-шы желтоқсанда түнгі сағат 12 жарымда мен Жақсыбековты шақырдым өз ескі офисіме. Айттым сен ертеннен бастап осы қаланың әкімі боласын деп. Солай Астананың алғашқы әкімі сол болып сайланды», - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Сондай-ақ, айтулы күнге орай Экспо конгресс-орталығы ғимаратында «Президент және Астана» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Тарих беттерінен күй шертетін суреттер Астананың бой көтеруінің бірінші күндерінен бастап, бүгінін баяндайды.

Еске сала кетейін, 1997 жылдың 10-шы желтоқсанында ел Астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына ресми түрде ауыстырылды. Ал сол жылдың 8-ші қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағы Ақмола қаласына жеткізілді. Осы салтанатты шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «барлық саяси шешімдер бүгіннен бастап осы қалада қабылданатын болады», - деп ресми жариялаған еді.

Новости партнеров