Бірінші шілдеден бастап темір тұлпары бар әрбір қазақстандық көлігіне электронды паспорт алуға міндетті. Сандық құжатта автокөліктің бүкіл тарихы жазылады. Зауыттан шыққан күнінен бастап, бұзылғаны, тіпті апатқа түскені туралы барлығы көрсетіледі. Мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай базасында сақталмақ. Жаңашылдық туралы толығырақ айтып беру үшін студиямен тікелей байланысқа Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов шыққалы тұр.
-Ербол Нығметоллаұлы кеш жарық, көлік құралдарына арналған электронды төлқұжат қалай жұмыс істейді, оны енгізудің қандай қажеттілігі туындады?
-Біріншіден, 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттері электрондық паспортты жүзеге асыруды және оның ортақ нысанын және оның жүйесін құру бойынша келісімге қол қойылған болатын. Сол сәттен бастап электронды паспортты жүзеге асыру қазіргі кезде жүріп жатыр. Біріншіден, электрондық паспортты жүзеге асыру - бұл осы мемлекеттегі Еуразиялық экономикалық одақтағы барлық құжаттарды, көлікке қатысты құжаттарды цифраландыру, яғни цифрализация. Бұл, яғни, осы құжаттардың айналымдарын оңтайландыруға бағытталған.
-Егер көлік басқа адамға сатылса, ұрланғанын, соғылғанын сатып алушы білмесе ше? Бұл жағдайда қалай болады?
-Біріншіден айтып кететін жайт, көлік құралы егер Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында шығарылған болса, бұл көлік құралдарына осы көлікті шығарған зауыттар өздері электрондық паспортты жасайтын болады. Кейін бұл электрондық паспорт өзінің шығарылған сәтінен бастап, утилизациялық алымға түскенге дейін өзінің өмірін сүреді. Яғни, электрондық паспортта барлық мәліметтер Жол полициясы органдарымен, сақтандыру полистерімен, техникалық байқау органдарымен бұл мәліметтер қосылып-қосылып өзінің өмірбаяның көрсететін болады. Біріншіден сол. Екіншіден айтатын болсақ, бұл Еуразиялық экономикалық одақ аумағына кіретін көлік құралдары үшінші мемлекеттен алынған импортталатын көлік құралдары үшін бұл көлік құралдары жеке тұтынушылар өздеріне көлік құралдарын үшінші мемлекеттен әкелген кезде электрондық паспортты уәкілетті органдар тортыратын болады, жеке.
-Электронды паспорт Еуразиялық одаққа мүше елдерге қаншалықты тиімді болмақ? Енгізіліп жатқан жаңашылдықты кей тізгіншілер білмей, көліктің техникалық төлқұжатымен шатыстырып алуы мүмкін бе? Одан қандай айырмашылығы бар?
-Иә, әрине, бұл жүйені құру - ең біріншіден, соңғы тұтынушы үшін оңтайландыру. Яғни, мысалы, Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасының азаматы автокөлік әкелген жағдайда оны мемлекеттік тіркеуге қояр алдында қазіргі таңда жол полициясы оның мәліметтерін тексереді. Бұл автокөлік Ресей Федерациясында ұрланған ба немесе оның идентификациялық нөміріне өзгерістер енгізілген бе? Бұл авариялық апаттарда немесе тағы бір жағдайларда болғанын тексереді. Бұл өте ұзақ уақытқа созылып кетеді. Яғни, соңғы тұтынушы үшін проблемалар туындайды. Қазіргі сәтте егер электрондық паспорт жүзеге асқан жағдайда, бұл мәлеметті электрондық паспорттан көру мүмкіндік туады. Яғни, мемлекеттік тіркеуді оңтайландырады. Және де айтып кететін жәйт - бұл көлік құралын мемлекеттік тіркеу куәлігі мен электрондық паспортты шатастыруға болмайды. Яғни мемлекеттік жол полициясында мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бұл мемлекеттің осы көліктің тіркеуі туралы мәліметті ғана көрсетеді. Оның осы көлік құралының иесі туралы мәліметті көрсетеді. Ал электрондық паспорт өз жолымен бұл автомобильдің осы мемлекетте тіркелгенін, оның барлық техникалық сипаттамаларын көрсетеді.
Рахмет ақпаратыңыз үшін Ербол мырза.