|
18.05.2018 | 10:41
3190

Жүкті әйелдерге арналған мобильді қосымша ана мен бала өліміне тосқауыл болмақ

Жүкті әйелдерге арналған мобильді қосымша ана мен бала өліміне тосқауыл болмақ

Жыл соңына дейін әрбір бесінші қазақстандық электронды медициналық төлқұжатқа ие болады. Бұл туралы «Ана мен бала» форумында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады. Оның айтуынша, құжатқа науқастың барлық жеке деректері енгізіледі. Бұл - еліміздің кез келген ауруханасынан амбулаторлық картасыз ем қабылдауына мүмкіндік береді. Жоба әзірге пилоттық режимде іске қосылды. Ал келер жылдан бастап емханалар қағазсыз жұмыс істейтін болады.

«Бұған қоса, мобильдік қосымшалар енгізуді қолға алудамыз. Еліміздің кей өңірлерінде қазір мобильдік қосымшалар бар. Мысалы, Қарағанды облысында «Менің жүктілігім» деп аталатын қосымша жасалған. Яғни, сол арқылы жүкті әйел кеңес алуға тіркеледі және дәрігермен байланыса алады. Егер кенеттен науқас өзін нашар сезінсе, мобильді қосымшаға жүгініп, дәрігерге жағдайын айтып, тиісті ұсынысты дереу қабылдайды», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, соңғы бес жылда Қазақстанда ана мен бала өлімі бір жарым есеге азайған. Мұндай оң динамика  жаңа технологиялардың енгізілуі мен ерте анықталған аурулардың нәтижесі.

«Біз ең бастысы -  жүкті әйелдердің контингентін білуіміз керек. Кім ана болуға қабілетті екенін, оның ішкі ағзасында қандай аурулар бар екенін түгелдей бақылауда ұстауымыз қажет. Сондай-ақ денсаулығында ақауы бар әйелдерге бала көтергенде қандай күтім қажет екенін ескертіп, ана мен бала өлімін азайту жолындағы жұмыстарды әрмен қарай жалғастырамыз», - деді ҚР Акушер-гинекологтары қауымдастығының президенті Нина КАЮПОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир