Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтары талқыланды

Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтары талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау шараларына қатысуына барлық жағдай жасалуы қажет. Орталық сайлау комиссиясы мен Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы елордада осы мәселені көтерді. Ерекше күтімді талап ететін сайлаушылар түрлі кедергіге тап болады. Қарапайым пандустардан бастап, оларға арналған дауыс беру кабиналары жасақтау, ал бюллетеньдерді Брайль қарпімен жазу мәселелері талқыланды.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыру, бұл олардың негізгі конституциялық құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Елімізде мүгедектерді әлеуметтендіруге байланысты үлкен саясат жүріп жатыр. Сондықтан көптеген белсенді азаматтар өздерінің сайлау құқықығын сайлау учаскелеріне барып жүзеге асыруға, сонымен қатар, өзінің сайлану құқығын да жүзеге асыруға талпынып жатыр», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат СҮЛЕЙМЕН.



Новости партнеров