Тұран университетіне 25 жыл толды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұранның түлек түлеткеніне биыл ширек ғасыр. Алматыдағы гуманитарлық бағытта білім беретін қара шаңырақ 25 жылда 30 мыңнан аса маманды тәрбиелепті. Университет бакалавриаттың 23, магистратураның 15 және PhD доктарантураның 5 бағдарламасы бойынша дәріс береді.

¤«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» мақаласында біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі. Ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу деп атап өткен болатын. Осы мақсатқа жету жолында. Мемлекет басшысы бірнеше басым бағыттарды айқындап берді. Олардың қатарында жастарға аса қатысты бәсекелік қабілет және білімнің салтанат құруы секілді бағыттарды атап, жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы керек деп айтқан болатын», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК. 

Білім ордасының 25 жылдық мерейтойына орай, халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға алыс жақын шетелден ғалымдар қатысты. Еуразия құрлығындағы елдердің әлеуметтік-экономикалық саладағы күрмейлі мәселелері қаралды.

¤«Алдымызға қойған мақсат сапалы маман дайындау олар жан-жақты абыройлы жұмыс істейтіндей. Қызмет атқаратындай. Біз оларға айтамыз сіздер оқып келдіңіздер ме? Бірінші курстан бастап орын белгілейсіңдер қазіргі таңда сендер жұмыс сұраушы емес жұмыс беруші болыңдар деп. Сонда 1 курстан бастап бағдарлама оқып, курстағы еңбектер, дипломдық жобалар барлығы  сәйкес болу керек. Ертең іске асатындай», - деді ¤ Тұран университетінің ректоры Рахман АЛШАНОВ.


Новости партнеров